Сарапшылар әлем елдеріндегі азық-түлік себетінің құнын салыстырып, нәтижесін жариялады. Оған сай Қазақстан Ұлыбритания және Аустралия елімен тең түсті. Азық-түлік себетіне, мысалы ұн, сүт, ет, жарма сияқты әр түрлі әлеуметтік маңызы бар тауарлар енген.
Қазақстанда бұл себеттің бағасы – 12 мың теңге болса, Аустралияда – 13 400, Ұлыбританияда – 14 000 теңгеге бағаланған. Десе де, мамандардың айтуынша, азық-түлік себетінің құнымен бірге халықтың табысы да маңызды. Мысалы, АҚШ пен Жапонияда себет 20 мың теңгеден асқанымен, ондағы орташа жалақы мөлшері Қазақстанмен салыстырғанда бірнеше есе артық.
Дүниежүзінде әлуметтік маңызы бар азық-түлік себеті белгіленген. Оған күнделікті тұтынуға арналған 10 азық-түлік кіреді. Атап айтқанда сүт, тауық еті, сиыр еті, ұн, май, күріш, күнбағыс майы, қант, картоп және пияз. Сарапшылар осы азық-түліктердің бағасы қай елде қанша екенін анықтап, нәтижесін жариялады.
Қазақстанда бұл азық-түлік себетінің құны – шамамен 12 мың теңге. Аустралия мен Жапонияда аздап қымбаттау болса, АҚШ пен Жапонияда 20 мың теңгеден асады. Десе де аталған елдерде халықтың орташа айлық жалақысы әрқалай. Қазақстанда орташа айлық жалақы мөлшері 250 мың теңге, Аустрия, Ұлыбритания мен Жапонияда айлық жалақы миллион теңгеден, АҚШ-та екі миллион теңгеден асады.
Ерлан Каримов, қаржыгер: «Талдау нәтижесіне қарағанда ет өнімдері, сиыр еті, тауық етін айтпағанда, қалған азық-түлік бағасы шамамен бірдей. Бұл талдау қай елде қандай азық-түлік себеті қанша екенін анықтау мақсатында жасалды. Мысалы, Қазақстанда мұндай 21 себет бар, Жапонияда – 54, қалған елдерде жүзге жуықтайды».
Сарапшылар дамыған елдерде эканомика тиімді жұмыс істейді деп сендіреді. Еңбекақы жоғары, көлеңкелі эканомика жоқтың қасы, жемқорлық айтарлықтай төмен. Ауылшаруашылығы саласы жолға қойылған. Сонымен бірге Қазақстан Евразия орталығында орналасқан. Тікелей әлемдік нарыққа шыға алмай, логистикалық қиындықтарға тап болады. Сонымен қатар бірқатар азық-түлікті сырттан тасуға мәжбүр».
Арман Байғанов, «R-FINANCE» ұйымының өкілі: «Дамыған елдердің ауыл шаруашылығында да, өнеркәсіпте де еңбек өнімділігі жоғары. Яғни, Қазақстанмен салыстырғанда жұмыс орны көп, жұмысшының жұмыс таңдауға мүмкіндігі жоғары. Сәйкесінше жалақы жоғары және бәсекеге қабілетті».
Мұндай жағдайда қазақстандықтардың табысының көбі ішіп-жемге кетеді. Ұлттық статистиканың дерегінше, отбасы табысының шамамен тең жартысы азық-түлік сатып алуға кетеді. Бұл шығыс көп, кіріс аз дегенді білдіреді.
Марат Қайырленов, «Ұлағат консалтинг групп» компаниясының директоры: «Жапония, АҚШ, Германия, Франция отбасы табысының шамамен 10 пайызы азық-түлікке жұмсайды, ал орталық және шығыс Еуропа елдерін алсақ, 17-18 пайызға жуықтайды. Мұның өзі Қазақстанмен салыстырғанда үш есе аз деген сөз».
Айта кетейік, Қазақстанда ең аз азық-түлік шығынының мөлшері 20 жыл бұрын тіркелген. Онда бұл шығын табыстың 30 пайызына жеткен.