Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандандырылған ауданаралық сотында Б.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.
Б. 2025 жылдың ақпан айының 27 күні сағат 18:15-тер шамасында өздерінің мекен — жайларынан 2016 жылы туған кәмелет жасқа толмаған қызы А. белгісіз бағытқа шығып қайта оралмаған. Хабар ошарсыз жоғалу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған, яғни кәмелетке жасқа толмаған қызына тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамаған, нәтижесінде оның қаңғыбастықпен айналысуына алып келген.
Сот отырысында Б. кінәсін мойындап, өкінетінін, келешекте қызының тәрбиесіне дұрыс көңіл бөліп, өзінің ата-аналық міндеттерін тиісті орындайтынына уәде берді.
Сотта Б. кінәсі өзінің жауаптарымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және түсініктемелермен дәлелденеді.
Сонымен қатар, сот құқық бұзушының берген түсінігімен және полиция инспекторының жауабын тыңдап, анықталған мән-жайларға сүйене отырып, жауаптылықты жеңілдететін мән-жай оның кінәсінің мойындағанын, уақытша жұмыссыз екенін, асырауында алты кәмелетке толмаған балалары барын, ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталмағанын ескере отырып, ӘҚБтК-нің 819-бабының 2-бөлігімен әкімшілік айыппұл сомасын айыппұлдың жалпы соммасынан 30 % -ға қысқартуға болады деп есептеп, оған 55 048 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындады. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.