Түркістан облысында полицейлер Ордабасы ауданы Ұялыжар ауылдық округіндегі алқапта «Қызыл кітапқа» енген қызғалдақтарды жұлған Шымкент қаласының тұрғынын анықтады.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы «Өсiмдiктердің сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерін жою” бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған тергеу жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша заңды шешім қабылданады.
Полиция табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуын анықтау үшін рейдтер мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуде.
Сондай-ақ алқаптарға ескерту тақтайшалары орнатылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жұлғаны үшін заңға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.