Сайрамда 141 адамды алдап соқты деген үш тұрғын сотталды

фото Отырар.кз

1 сәуір күні Түркістан облысы Сайрам аудандық соты 141 адамның ақшасын алаяқтық жолмен алған үш адамның әрқайсысын 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруға үкім етті. Сотталушылар үкіммен келіспейтінін білдірді.

Сот Ш.Ю, Х.Ш және И.А Қылмыстық кодекстің “Алаяқтық” бабымен кінәлі деп тапты. Жәбірленуші ретінде 141 адам танылған. Олардың дені жұмыссыздар. Жәбірленушілердің сеніміне кірген сотталушылар кәсіп ашып, тендер жеңіп алғанын, оған ақша салса қосымша ақы алатынын, жұмыс істемей-ақ айына 60 мың теңге жалақы төленетінін айтып сеніміне кірген.

Алаяқтықты Каспи банктің “Kaspi Pay” төлем жүйесі арқылы жасаған. Жәбірленушілердің ең көбі 2 млн теңге, кемі 340 мың теңге шамасында ақша беріп, алданған.