Шымкент: Қаратау ауданының әкімі тағайындалды

фото gov.kz

 

Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қала активіне Қаратау ауданының жаңа әкімі Алмас Емелтайұлы Абаевты ресми түрде таныстырды.

Алмас Абаев – Шығыс Қазақстан облысының тумасы, жасы 35-те. Ол Семей қаржы-экономикалық колледжін, кейін Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін тәмамдаған. Мемлекеттік құрылымдарда жауапты қызметтер атқаруда мол тәжірибесі бар.

Бұған дейін Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті директорының орынбасары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Алмас Абаев Шымкент қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасын басқарған.

Айта кетсек, Қаратау ауданы әкімі қызметін бұған дейін Рахымберді Мүлкеманов 2022 жылдан бері атқарған болатын.