Шымкентте жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жыл басынан бері, 8,7 шақырым жолға асфальтбетон төселді. Сондай-ақ, басты жолдар мен ішкі орам көшелерде шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, жаяу жүргіншілер өткелдеріне жарықтандыру құрылғылары орнатылуда.
Үшінші мегаполисте инфрақұрылымды жақсарту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында, 6 мың дана жол белгілерін ауыстыру, орнату жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге дейін оның 1200 — ден астамы орнатылды. Бұдан бөлек, жаяу жүргіншілер өткеліне 30 — дан астам жарықшамдар қойылса, жыл соңына дейін 100 нүкте жарықтандылмақ.
Басқарма тарапынан көше жарықтарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жалпы 1237 көшеге өткен жылы орнатылды. Биыл, 988 көшеге орнатылуда. Бұл жұмыстарда қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, 250 аялдама орнату жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар да бастылып кетті. Жалпы, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне байланысты, жарықтандыруда қолға алынған болатын.
Ал, ойдым-ойдым жерлерді жамау бойынша, қала аумағында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, 2025 жылы 400 мың шаршы шұңқыр тегістелмек.
Дархан Усманов, Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы: «Қазіргі таңда басты көшелерде аяқ жол қарастырылмаған жерлерді зерделеп, сол жерлерді мамыр айында бастаймыз. Сонымен қатар, Бәйдібек би көшесінің бойынан Алатау батырдан Наурыз алаңына дейін аяқ жолмен веложол салудамыз. Ол жұмыстар жақын арада бітеді. Қажеттіліктерге байланысты, қазірі сондай жолдарға салу жұмыстарын істейміз. Қазіргі таңда, осы жылы Тәуелсіздік көшесінің, асфальттау жұмыстары жүргізілуде. Толстой көшесінде атқарылды. Бәйдібек би көшесінде асфальттау бетон қабатын ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар сәуір айының соңына дейін бітеді».
Қаланың игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстарға шаһар тұрғындары да оң бағасын берді. Айтуыларынша, қала жолдары жылдан-жылға дұрысталып келеді. Және кептелістер де азайды дейді.
Дильшод Миртажиева, Қала тұрғыны: «Мен көлікпен де, автобуспен де жүремін. Алдын жолдар онша емес еді. Шұңқырлар көп еді. Жолдар жақсы болып қалған. Көлікпен жүрсек те байқалады. Жолдардың жөнделіп жатқанына өте қуаныштымын. Алдағы уақытта бәрі жөнделеді деп ойлаймыз».
Айта кетейік, 2025 жылы су басу қаупі бар немесе су жиналатын көшелерде 50 орынға 23 шақырым ирригациялық арық орнату жұмыстары жоспарланған. Сонымен қатар, 2024 жылы 1238 көшеге көше жарықшамдарын орнату жұмыстары атқарылып іске қосылды.
Жалпы, былтыр қала көшелерінің 51,7% жарық шамдарымен қамтылған болатын. 2025 жылы 100% көше жарық шамдармен қамту жоспарлануда. Оның бүгінгі таңда 1135 көшесі жарықтандырылды.
Нұргүл Жолымбетова