Шымкентте анасын өлтіріп, өртеп жіберген тұрғынға қатысты сот басталды

Видеодан скрин

Шымкент соты “анасын өлтіріп, өртеген” деген тұрғынның ісін қарай бастады. Шымкентте қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жеке тұрғын үйлердің бірінде 54 жастағы мүгедек анасын “бірнеше рет пышақтап өлтіріп, шынжырмен қылқындырып, ауласындағы шұңқырға мәйітін өртеген” 31 жастағы Дархан Жолдыбаевтың ісін қарауды бастады.

Сотталушы денсаулығына байланысты іске қатыстырылмады. Прокурор оған “шизофрения” диагнозы қойылғанын мәлімдеді.

Оқиға 13 қаңтарға қараған түні жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Полиция “Адам өлтіру” бабымен қылмыстық іс қозғап, күдікті ретінде марқұмның баласын қамауға алған еді.

Малика Қанжарбекқызы