Шымкентте менингит ауруы бойынша 13 жағдай тіркелді

Шымкентте менингит ауруы бойынша 13 жағдай тіркелді. Бұл туралы Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады. Аталмыш аурушаңдық күз, қыс және көктем айларында өрши түседі. Өйткені, жедел респираторлық-вирустық инфекция асқынып, өз бетінше ем қабылдаудың салдары менингитке алып келеді дейді жауаптылар.

Менингит-бұл ми немесе жұлын мембраналарының қабынуынан туындайтын дерт. Егер, науқас дер кезінде дәрігерлік бақылаудан өтпесе, асқындырып алуы мүмкін дейді жауаптылар. Айтуларынша, күз, қыс, көктем мезгілінде, қарашадан бастап сәуірге дейін науқастардың саны артады. Соған қарамастан, жағдай тұрақты дейді Айкүміс Мұсаева.

Айкүміс Мұсаева, Тұран ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы: «Қала бойынша іріңді менингит бойынша 2024 жылдың үш жағдайында 4 жағдай тіркелсе, биыл 5 жағдай тіркеліп отыр. Церрозды менингит былтыр үш айда 7 жағдай болса, биыл 8 жағдай тіркеліп отыр. Церрозды менингит ми қабықшаларының қабынуынан туындайды. Бұл ауру науқастан науқасқа жұғады. Және жаз айларында шомылумен байланысты болады. Егер адам, респираторлық ауруларды емдемесе, салдары осы церозды менингитке алып келеді».

Менингит ауруларының белгілері суық тиюге ұқсас болуы мүмкін дейді мамандар. Яғни, температура көтеріліп, төмендемесе, симптомдар күшейіп, ұйқышылдық, сананың жоғалуы пайда болады екен. Сондықтан, алдын алу шараларына мұқият болған жөн. Бұл аурудың одан әрі асқынуы мен нәтижесі дәрігерге уақтылы қаралуына байланысты.

Айкүміс Мұсаева, Тұран ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы: «Бұл аурушаңдықтар емделеді. Егер науқас тіркелген жағдайда, ата-аналары дер кезінде медициналық көмекке жүгініп, жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылу керек. Уақытылы ем қабылдаса, сауығып кетуге мүмкіндік бар».

Қазіргі таңда, балалар арасында энтеровирус ауруы жиілеп кетті дейді дәрігерлер. Менингитпен энтеровирус ауруының белгілері бір болғанымен, қорқатын мәселе жоқ. Біз, жұғу жолына қарай ауруды анықтаймыз деп отыр.

Замира Сламбекова, №2 Қалалық емханасының бөлім меңгерушісі: «Енді энтеровирусный менингит, көбінесе церрозды менингит. Оны аурудың асқынуы деп айтуға болмайды. Ол аурудың көрінісінің түрі. Себебі, қоздырғышы вирус. Энтеровируста экховирустар болғандықтан, клиникада әртүрлі жағдайда әртүрлі белгілер беруі мүмкін. Біреуінде іш өтеді. Біреуінде температура беруі мүмкін. Бөртпелер пайда болуы мүмкін. Кебіреуінде церрозды менингинт болып өтуі мүмкін. Ауруханада емделеді менингитпен ауырған балалардың барлығы».

Менингиттің алдын-алу үшін, уақытында вакцина алу керек. Және жеке гигиена шараларын сақтау, салауатты өмір салтын ұстану қажет. Өйткені бұл иммунитеттің табиғи қорғанысын арттырады дейді мамандар. Сондай-ақ, жедел респираторлық вирустық инфекция ортасында медициналық бетперде киген дұрыс. Бұдан бөлек, вирустық аурулары бар науқаспен жақын байланыста болмаған жөн.

Нұргүл Жолымбетова