Әлеуметтік желіде полиция қызметкерлері көшеде есінен танып қалған әйелге көмекке келгені туралы бейнежазба тарады. Жарияланым авторы осы оқиғаға куә болғанын жеткізіп, «Шымкент полицейлері мейірімді келеді» деп атап өткен.
Кадрларда патрульдік полиция полкінің инспекторлары қызмет атқару кезінде көшеде талып қалған әйелді байқап, бірден көмекке асыққаны көрінген. Тәртіп сақшылары азаматшаға алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырып, оны дәрігерлерге тапсырған.
Полицейлердің өздері бұл жағдайды қарапайым сипаттады: «Біз күнделікті қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтарға қиын жағдайда көмекке келу үшін қызмет етеміз».
Құқық қорғаушылардың әрекетіне әлеуметтік желі қолданушылары көптеген оң пікір білдіруде. Мұндай сәттер қатаң форманың артында, ең алдымен, қолдауға және қорғауға дайын жандар тұратының тағы да еске салады.