Тергеу изоляторындағы танысына гашиш өткізбек болған

фото ҚАЖКБҚ

Павлодар қаласының Тергеу изоляторында тыйым салынған затты беру әрекетінің жолы кесілді. 31 жастағы тергеудегі адамға арналған сәлемдемеден тексеру қызметкерлері темекі қорабынан сұр-жасыл зат тапты.

Орамалар сараптамаға жіберілді, ол оның салмағы 9,99 грамм гашиш екенін анықтады.

-Осы факті бойынша жедел-тергеу тобы шақырылды. Сәлемдемені әкелген азамат қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Оның одан арғы тағдырын сот анықтайды — деді № 63 мекеме бастығының орынбасары Александр Тюменцев.

Ведомствоның хабарлауынша, көптеген ескертулерге қарамастан, ұсталғандардың туыстары мен таныстары тыйым салынған заттарды режимдік мекемелерге беру әрекеттерін жалғастыруда.