Түркістан: Әскери қызметшілер тактикалық оқу-жаттығулардан оралды

фото ШГБҚ

 

35748 әскери бөлімі мотоатқыштар батальонының әскери қызметшілері батальондық тактикалық оқу-жаттығуларды аяқтап, Арыс қаласына оралды. Жаттығулар Жамбыл облысындағы «Матыбұлақ» оқу полигонында өтіп, бөлімшелердің қысқы оқу кезеңінің қорытындысы болды. Тұрақты орналастыру пунктіне оралу кезінде әскери бөлімнің жеке құрамы жылжымалы құрам платформаларын пайдалана отырып, темір жол көлігімен қозғалды.

Оқу-жаттығуларға барлығы 300-ден астам әскери қызметшілер қатысып, 50-ден астам әскери техника жұмылдырылды. Оқу-жаттығу далалық дайындықты, бөлімшелердің іс-қимылдарының үйлесімділігін арттыруға, сондай-ақ шынайы жағдайларға барынша жақын жағдайларда жауынгерлік іс-қимылды жаттықтыруға бағытталды.

Тактикалық эпизодтар кезінде әскери қызметшілер атыс және тактикалық-арнайы тапсырмаларды сәтті орындап, қорғаныс және шабуыл әрекеттерін, сондай-ақ әртүрлі бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды жаттықтырды. Командирлерден ынталылық танытуды, дербес шешім қабылдауды және кенеттен туындаған тапсырмаларға дайын болуды талап ететін күрделі, стандартты емес жағдайлар жан-жақты пысықталды.

Оқу-жаттығудан оралған батальон жеке құрамын теміржол платформасында әскери қызметшілердің қаруластары, туған-туыстары мен достары күтіп алды. Бригада командирі подполковник Сергей Бибулатов жеке құрамның төзімділігі мен жоғары дайындықтары үшін алғысын білдіріп, кездесуге ерекше жылылық қосты.

— Оқу-жаттығулар командирлерден дербес шешім қабылдауды, сенімді әрекет етуді және бөлімшелерді басқаруда кенеттен туындаған тапсырмаларды сапалы орындауды талап ететін күрделі, стандартты емес ойлай қабілетін қалыптастырады. Сіздер қайсарлық, төзімділік танытып, әскери борышыңызды абыроймен атқардыңыздар! Отан үшін лайықты қызмет еткеніңіз үшін рахмет! – деп атап өтті подполковник Сергей Бибулатов.

Оқу-жаттығулар қорытындысы бойынша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының басшылығы әскери қызметшілердің іс-әрекетіне оң баға беріп, жоғары тәртіпті, дайындықты және жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайындығын атап өтті. Алынған дағдылар мен тәжірибе мотоатқыштар батальонының жауынгерлік әзірлігін арттырудың сенімді негізі болады.