Анасын ұрып, соққаны үшін қамаққа алынды

фото istockphoto.com
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Р.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
 
Сотталушы Р. ҚК-нің 109-1-бабының 1-бөлігімен (тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау) айыпталған.
 
Сотталушы 2025 жылдың мамыр айында Шымкент қаласы, «Көксай-2» көшесінде орналасқан үйінде масаң жағдайда анасы З.-мен екеуінің арасында жанжал орын алып, нәтижесінде жәбірленушіні ұрып-соғып дене жарақатын салып, денсаулыққа зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу жасаған.
 
Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді. Прокурор сотталушыға қамаққа алу жазасын тағайындауды сұрады
Жәбірленуші сотталушыға кешірім бермейтінін, жаза тағайындауды соттың қарауына қалдырды. Сотталушы кінәсін мойындап, өзіне жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
 
Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән – жайлар ретінде кінәсін толық мойындап, өкініш білдіргенін, ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар ретінде жасаған іс-әрекетін масаң хәлде жасағанын ескерді.
Сот, Р.-ны ҚК-нің 109-1-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 12 тәулік мерзімге қамаққа алу жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген.