Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында А.-ға қатысты алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін алдау жолымен иемдену (ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі) дерегі бойынша қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы А. жәбірленуші Д.-ға арзан бағада пәтер алып бере алатынын алдап айтып, ол үшін 1 000 000 теңге ақшасын алған. Істі сотта қарау барысында, сотталушы А. жәбірленушіге келтірген материалдық залалды толығымен қайтарып, жәбірленушімен татуласты. Нәтижесінде, жәбірленуші Д. сотталушыға кешірім беріп, істі тоқтатуды сұрады.
Сот, сотталушы А.-ны жәбірленуші Д.-мен татуласуына және келтірілген зиянның есесін толтыруына байланысты, ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатып, қылмыстық істі тоқтатты. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.