Білім беру жүйесін дамыту мәселесі – басты назарда

фото ҚАБББҚ

 

Бүгінде білім беру саласында көптеген жаңашылдықтар ендірілуде. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында ізгі амалдар қолға алынуда. Азаматтардың жасампаздық пен прогрестілікті қолдауы бағытында атқарылып жатқщан шаруа көп. Осы орайда жуырда Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында оқу жылының қорытындысы шығарылып, жаңа маусымға дайындық барысы талқыланды.

Қазығұрт ауданында бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ерғали Қырғызбайұлы Есіркеповтың төрағалығымен аудандық білім бөлімінің алқа мәжілісі өтті. Мәжілісте көтерілген мәселелер ауқымды. Соған орай аталмыш шараға аудандық білім бөлімінің қызметкерлерімен қатар мектеп директорлары да қатысты. Жиынның негізгі мақсаты – 2024–2025 оқу жылындағы атқарылған жұмыстарды қорытындылау, есеп беру және алдағы кезеңге арналған міндеттерді талқылау болып табылады. Отырыста білім беру үдерісін дамытудың негізгі бағыттары қарастырылып, алдағы уақыттағы басымдықтар белгіленді. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің қатарында:


білім алушылардың аралық және қорытынды бағалауын ұйымдастыру, оның ішінде ҰБТ-ға дайындық, педагог кадрларды аттестациялау және іріктеу тәртібі, оқу жылын аяқтау және қол жеткізілген нәтижелерді талдау, мектеп оқушыларының жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру қаралды. Жиынға қатысушылар экологиялық білім беру мәселелеріне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, «Таза Қазақстан» акциясы бойынша есеп берілді, оның аясында оқушылар мен мұғалімдер қоршаған ортаны жақсарту және қорғау шараларына белсене қатысты. Мұндай бастамалар жастардың бойында табиғатқа, туған жерге деген жауапкершілік сезімін дамытуға ықпал ететіні айтылды. Жиын барысында мектеп директорлары мен әдістемелік қызметтерге білім сапасын арттыру және жаңа 2025–2026 оқу жылына дайындық бойынша нақты тапсырмалар берілді. Кездесу барлық қатысушылардың ауданның білім беру жүйесін дамытуға деген серпілісін арттыру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Сонымен қатар, дәстүрлі түрде аталып өтетін 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мәдени-көпшілік іс-шараларға дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылып, мектеп басшыларына оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және бос уақытын белсенді өткізуге бағытталған оқушыларға арналған мерекелік және танымдық іс-шараларды ұйымдастыру бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар, жиынға қатысушылар оқу үдерісіне де, тәрбие жұмысына да қатысты өзекті мәселелер бойынша нақты ұсыныстарды талқылады. Бұл ауданда білім сапасын арттырып, оқушылардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау мақсатында жүргізіліп жатқан жүйелі де дәйекті жұмыстардың тағы бір дәлелі болды. Сондай-ақ, оқу үдерісін жақсартуға, сондай-ақ жаңа оқу жылының басталуына дер кезінде дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар мен нұсқаулар әзірленді.

Қатысушылар оқу үдерісіндегі өзекті мәселелерге ерекше назар аударды. Тәрбие жұмысын жақсартуға бағытталған нақты ұсыныстар айтылды, бұл өңірдегі білім сапасын арттыруға жүйелі көзқарасты көрсетеді. Сондай-ақ жиында оқу жылының аяқталуын қорытындылау шаралары, соның ішінде іс шараларды өткізу мәселелері талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ерғали Қырғызбайұлы барлық білім беру ұйымдарының басшыларына оқу жылын жауапкершілікпен аяқтап, алдағы іс-шараларды өз деңгейінде ұйымдастыруды тапсырды. Алқа оқу-тәрбие процесінің сапасына, ұйымдастырылуына және тәрбиелік құрамдас бөлігіне баса назар аудара отырып, аудандағы білім беру мекемелерінің алдында тұрған келесі қадамдар мен міндеттерді тиісті деңгейде атқару қажеттігі туралы нұсқау берумен қорытындылады.