Түркістан қаласында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен жол жүрісі қағидаларының сақталуын бақылау мақсатында ұйымдастырылған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы қарқынды жалғасуда.
Аталмыш шара аясында өңірдегі апатты-қауіпті жол учаскелеріне ерекше назар аударылды. Профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру үшін пилотсыз ұшу аппараттары қолданылды.
Дрондар арқылы жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілер жедел анықталып, жақын маңда жүрген патрульдік полиция жасақтары дереу әрекетке көшіп, заң бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қабылдады.

Жалпы “Қауіпсіз жол” іс-шарасы барысында дронның көмегімен қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу бойынша- 10, көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған -140, тыйым салынған орынға тоқтаған — 80 жүргізуші анықталды.
Полиция қызметкерлері барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру қағидаларын қатаң сақтауға шақырады. Себебі жолдағы тәртіп пен қауіпсіздік – әр азаматтың жауапкершілігіне тікелей байланысты.