Қазақстанда ипотекаға сатып алынған тұрғын үй жиі жалға беріледі. Заңгерлердің айтуынша, мысалы пәтер ипотекаға сатып алынған болса үй иесі оны банктің рұқсатымен жалға беруі керек. Ол меншік иесі болғанымен қарыз алушының кепілге қойылған мүлікке иелік етуінде толық еркіндік жоқ. Олай болса мұндайда қайда барып, кімнен алу керек, келесі материалда көрейік.
Ипотекаға сатып алған пәтерді жалға берсеңіз банк айыппұл салуға құқылы. Заңгерлердің айтуынша, ипотекаға сатып алынған тұрғын үй кепілге жатады. Сондықтан оны тек банктің келісімімен ғана жалға беруге болады. Пәтер қарыз алушының меншігінде болса да, оны пайдалануға құқығы шектеулі. Банк ықтимал тәуекелдерді болдырмау үшін жылжымайтын мүлікті жалға беруге тыйым сала алады.
Сергей Уткин, заңгер: «Қарапайым адам үшін бұл артық талап болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл заңды талап. Егер кейбір жалға алушылар бұл пәтерді тонап кетсе банк зардап шегуі мүмкін. Мысалы, жалға алушылар қоныстанып, кейін пәтерден шықпауы мүмкін. Ал банк бұл мүлікті сатуы керек. Мысалы, кепіл беруші өз міндеттемелерін орындамаса сот арқылы оны сауда-саттықтан шығаруы керек. Бұл да банк үшін басы артық проблема».
Десе де ипотекаға үй алғандар банктен келісім алуға асықпайды. Көбінесе тұрғын үй ресми шартсыз жалға беріледі. Не жалға берілетін пәтер ретінде халыққа қызмет көрсету орталығына тіркеуге қойылмайды. Бұл ипотека шарты талаптарын бұзу. Жылжымайтын мүлік жөніндегі сарапшы Лев Тетиннің айтуынша, ипотекалық тұрғын үйдің шамамен 30 пайызы жалға беріледі. Бірақ барлық жағдайда банк бұған рұқсат бермейді.
Лев Тетин, халықаралық сарапшы: «Егер жеңілдікпен, арнайы шарттармен өзіңіз тұруға деп ипотекаға үй алсаңыз банк оны жалға беруге 100 пайыз қарсылық білдіруге құқылы. Өйткені бұл инвестиция емес. Ал нарықтық шарттармен ипотекаға үй алсам, оны жалға береаламын
Егер пәтер ипотекаға алынған болса, банкке барып жалға беруге рұқсат алу керек. Содан кейін ғана пәтерді жалға бере аласыз. Ол үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелесіз не тіркелмей де пәтерді жалға бере аласыз. Егер жеке кәсіпкерліксіз жұмыс істесеңіз жалақының 10 пайызын салыққа төлейсіз. Жеке кәсіпкерлер үшін салық мөлшері 1 пайыздан 3 пайызға дейін. Оған қоса әлеуметтік салықтар, мысалы зейнетақы төлемі, медициналық сақтандыру сияқты салықтар. Маңыздысы пәтерді жалға беру үшін жалға алушымен ресми келісім-шарт жасасу. Сосын оны халыққа қызмет көрсету орталығына тіркеу міндетті. Бұл барлық тарамптың қауіпсіздігін қамтиды.
Банк пәтерді тексеріп тұруға құқылы. Бірақ мұндай тексерулер сирек кездеседі. Сонымен қатар, заңгерлердің айтуынша, тұрғын үй иесі банк өкілдерін кіргізбеуі мүмкін. Бұл шартта санкциялар жазылады. Мысалы, тексеруден бас тартқаны үшін немесе кепіл ұстаушының келісімінсіз жалға бергені үшін айыппұл салынады.