Мәдени шаралар мен тұлғааралық байланысты нығайту аясында Шардара ауданында айтулы кездесу өтті – аудан әкімі Арман Қарсыбаев «Құрмет» орденінің иегері, театр және кино актрисасы Гүлшат Әбсаттарқызы Тұтованы қабылдады.
Гүлшат Әбсаттарқызы Тұтова – заманауи қазақстандық өнердің жарқын өкілі, көптеген театр фестивальдерінің лауреаты және өз саласының танымал маманы. Оның еңбегі еліміздің театр өнерін дамытуға қосқан үлесі және мәдени өміріне белсене араласуы үшін ерекше аталды.
Кездесу барысында ұлттық өнерді дәріптеу, одан әрі дамыту мәселелерін талқылап, аудан әкімі Гүлшаттың қазақ мәдениеті мен өнерін насихаттауға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Өңірде жас таланттарды қолдау мен театр өнерін дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатқанын айтты.
Гүлшат Әбсаттарқызы Тұтова – «Құрмет» орденінің лайықты иегері, ерекше жетістіктері мен мәдениет саласының дамуына қосқан үлесі үшін құрметке бөленген жан. Өмір жолында қазақ халқының рухани құндылықтарын дамытуға барын салып жүргенін баяндады. Өскелең ұрпақты осы бағытта тәрбиелеуге барынша күш салатынын тілге тиек етті.
Осы уақытқа дейін «Театр көктемі – 2007» және «Театр көктемі – 2011» жаңа қойылымдар театр фестивальдерінің лауреаты және де басқа көптеген марапаттарға ие болған.
Аудан басшысы Гүлшат Тұтованың еліміздің мәдениетіне қосқан сүбелі үлесі мен шығармашылық табыстары үшін жоғары баға беріп, алғысын білдірді. Бұл кездесу оның еңбегін мойындау ғана емес, сонымен қатар жергілікті деңгейде мәдени бастамаларды қолдау мен дамытудың маңыздылығын еске салды. Әңгіме барысында Гүлшат Тұтова туған жерге деген адалдығын баса айтып, өңірдің рухани дамуына септігін тигізетін жұмыстарды жалғастыруға дайын екенін жеткізді. Ол өз жұмысының жеке жетістігі ғана емес, сонымен бірге рухани құндылықтарды сақтау мен дамытуды қажет ететін ортақ мәдени мұраның бір бөлігі екенін атап өтті. Гүлшат Тұтова жастарды ел тарихын үлгі тұтуға баулып, олардың шығармашылық және рухани өсуіне жағдай жасау өте маңызды екенін атап өтті.
Бұл кездесу мәдениет саласының ардагерлерін қолдауға бағытталған игі қадамдардың бірі болды, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың туған жерді дәріптейтін таланттарды бағалайтынын және ынталандыратынының маңызды белгісі болды. Мұндай тұлғаларды қолдау мәдени мұраны сақтау мен дамытуда, рухани құндылықтарды қалыптастыруда басты рөл атқарады.
Кездесу бсоңында аудан басшысы Гүлшат ханымға шығармашылық жолындағы жетістіктері үшін алғыс айтып, ел мәдениетіне қосқан үлесін ерекше атап өтті. Өз кезегінде Гүлшат Тұтова туған жерінің құрметіне ризашылығын білдіріп, ауданның рухани дамуына үлес қосуға әрдайым дайын екенін жеткізді.