«Өнер қырандары» полициямен бірге жүр…

фото ТОПД
Түркістан облысының полицейлері «Соңғы қоңырау» іс-шарасы кезінде қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы үшін жан-жақты профилактикалық жұмыстарды атқаруда. Оның ішінде полиция басшылығы мектептерге барып, арнайы дәріс өткізу, кездесу жасау, сондай-ақ елге белгілі азаматтарды тарта отырып, ескерту бейнероликтерін жасауды қолға алды.
Мәселен төмендегі бейнероликте Түлкібас ауданының тумасы, халыққа танымал әртіс, «Өнер қырандары» театрының актеры Мадияр Серікбаев үндеу жасады. Ол әсіресе мектеп бітіруші түлектер мен ата-аналарына бір күндік сауық-сайран үшін құр мақтанға салынып, көліктер шеруін ұйымдастыруға жол бермеуін сұрайды.
Есесіне өмірдің жаңа кезеңіне аяқ басқан жастардың қауіпсіздігін бірінші орынға қоюға шақырады. Яғни болуы мүмкін қандай да бір жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында өзінің жүрекжарды сөзін жеткізіп, ағалық жанашырлық танытты.