Медициналық тұрғыдан сақтандырылмаған азаматтар тегін онкоскринингтен өте алады. Бұл дегеніңіз, ауруды ерте бастан анықтап, азаматтардың өмірін сақтап қалуға септігін тигізбек. Яғни, мыңдаған отбасы үшін үміт пен мүмкіндік дейді жауаптылар. Дәрігерлердің айтуынша скрининг екі санат бойынша жүргізіледі. Тексерудің бұл түріне салалық мамандардың консультациясы мен зертханалық-диагностикалық зерттеулер кіреді.
Бүгінге дейін, МӘМС төлемі жоқ жандар онкологиялық тексеруден тегін өте алмайтын. Салдарынан қатерлі ісігі дендеп, онкологиялық ауры өршіп кететін жағдайда тіркелген. Тіпті, соңы өлім-жітіммен аяқталған жағдайлар да болған екен. Енді бұл мәселе артта қалды. Өйткені еліміздегі сақтандырылмаған азаматтар қатерлі ісік ауруының алдын алуға мүмкіндік алмақ. Ал, жалпы қала бойынша 59 мыңнан астам тұрғын тексеруден өткізілмек.
Жақсылық Оразбаев, Шымкент қаласының онкологиялық орталығының директоры: «Сүт безінің қатерлі ісігіне 53 мыңнан астам әйел кісі тексеруден өтеді. Тексерілу үстінде. Ал, жатыр мойнының қатерлі ісігіне қатысты 51 мыңнан астам әйел адам тексеруден өтеді. Және де тоқ ішектің қатерлі ісігіне ер адам да, әйел адамда тексеруден өтеді. Ол 59 мыңнан асып отыр. Біздегі скринингтерді айтатын болсақ, бұл скринингтердің барлығы жергілікті емханаларда өтеді. Одан кейін, сүт безінің қатерлі ісігіне күдік пайда болса, екінші этап бойынша біздің орталықта тереңдетіліп, зерттеліп онкологиялық диагноз қойылады».
Халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында МӘМС жүйесінде скринингтік тексеруге ерекше мән берілген. Жалпы, скрининг бұл – дәрігердің қабылдауы, түрлі анализдер мен диагностикалық қызметтерден тұратын кешенді профилактикалық тексеру. Әрбір тексерудің өзіне қаражат медициналық сақтандыру қорынан жұмсалады.
Арапгүл Ізбасарова, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Шымкент қалалық филиалы директорының орынбасары: «Жалпы әртүрлі қаражат жұмсалады. Мәселен, жатыр мойны тексеру үшін, алдын ала скринг 4520 теңге. Сүт безі рак аурына 7 мыңнан аса теңге жұмсалады. Оны толыққанды тексеру қажет болса, онкологиялық күдік болса, 70 мың теңгеден аса жұмсалады. Яғни, бір адам толық тексеру үшін орташа есептпен алғанда 1500 теңгеден 70 мың аралығында қаржы жұмсалады».
Айта кетейік, былтыр жатыр обыры, сүт безінің қатерлі ісігі, колореталды рак ауру бойынша, сақтандырылған 400 — ден астам адамнан онкологиялық ауру анықталған. Ал, Шымкент қаласы бойынша 1 млн. 261 мыңнан астам адам тұрады. Оның 714731 жеңілдетілген санат бойынша ем алса, қалған 926307 азаматтың статусы сақтандырылған. Ал, медициналықы сақтандыруы жоқ адамдардың саны 335402 құрап отыр.
Нұргүл Жолымбетова