Отбасылық жанжал кісі өлімімен аяқталды

фото azh.kz
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру) айыпталған К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
 
Сотталушы 2025 жылдың қаңтар айында өзінің Шымкент қаласы, Еңбекші ауданында орналасқан үйінде азаматтық некедегі әйелі жәбірленуші П.-мен спирттік ішімдік ішіп, екеуінің арасында жанжал орын алған. Сотталушы үстелдің үстінде тұрған ас үй пышағын алып, жәбірленушінің жүрегіне бірнеше рет соққы жасаған.
Нәтижесінде жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болған.
 
Жәбірленуші өкілінің жауаптарымен, сот сараптама қорытындыларымен, тінту хаттамаларымен, заттай дәлелдемелер жиынтығымен және іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді.
 
Прокурор сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Жәбірленушінің өкілі прокурордың ұстанымымен келісті.
Сотталушы кінәсін мойындап, өзіне жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
 
Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде бұрын сотты болмағанын ескерген, ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот, К.-ны ҚК-тің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.