Түркістан облысында Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлері кафелердің бірінде болған ұрлық қылмысын ашты. Белгілі болғандай, күдікті дәмханада даяшы болып жұмыс жасаған. Жәбірленуші әйел кафеге өзінің таныстарымен тамақтануға келген кезде, телефонын үстел үстіне қойған.
Жас жігіт үстелдерді жылжыту барысында телефонды жымқырған. Содан соң ұрланған затты сатып жіберген. Жәбірленушіге 160 000 теңгеге жуық шығын келтірілген.
Полиция қызметкерлері телефонды тауып, иесіне қайтарды. Қазіргі таңда жас жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.