Қайтарымсыз грант әлеуметтік осал топтардың жаңа бизнес-идеяларын іске асыруға арналған. Соған орай қайтарымсыз грантқа ие болғысы келетіндердің саны жылдан жылға артып келеді.
Сондықтан осы жылғы 21 мамырдан бастап Business.enbek.kz порталында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін қайтарымсыз грант алуға өтінімдер қабылдау басталады.
Грант мөлшері – 400 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 1 572 800 теңге. Әрбір қатысушы бұл грантты тек бір рет ала алады.
Өтінім беру тәртібі:
1. Порталға тіркелу қажет;
2. Грант алуға қойылатын талаптарға сәйкестік тексеруден өту;
3. Бизнес-жоба үлгісін жүктеп алып, толтырып, порталға жүктеу;
4. Өтініш нысанын ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы растау.
Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, мансап орталықтарындағы өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады.
Грант алу құқығына ие болу үшін тұлға жұмыссыз ретінде тіркелуі немесе кәсіпкерлік қызметін бастағанына 3 жылдан аспауы қажет.
Сондай-ақ, қатысушы төмендегі әлеуметтік санаттардың біріне жатуы тиіс:






