Құрбан айтта қанша күн демаламыз?

Құрбан айт — күллі мұсылман жұртшылығы асыға күтетін қасиетті мейрам. Биыл бұл ұлық мейрамның бірінші күні 6 маусым жұмыс күніне түсіп тұр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дін өкілдерінің ұсынысы негізінде бұл күнді демалыс күні деп жариялады. Демалыс күндерінің кестесі белгіленген жұмыс кестесі негізіне байланысты болады. Сондықтан қазақстандықтар мұсылмандардың маңызды мерекесіне орай қосымша демалыс күндерін пайдалана алады.

«Құрбан айт биыл 6 маусымға – жұма күніне сәйкес келеді. Осыған байланысты, бес күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары 6, 7 және 8 маусым күндері (жұма, сенбі, жексенбі) демалады. Алты күндік жұмыс аптасында 7 маусым – сенбі күні жұмыс күні болады».

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, Құрбан айт-құрбандық шалу рәсімін жасау, намаз оқу үшін мешіттерге бару, мұқтаж жандарға көмек көрсету дәстүрлерінен тұрады. Сондай-ақ, мереке күндері қоғамдық тәртіп пен санитарлық талаптар да басты назарда болады. Ал мешіттер мен арнайы белгіленген орындарда құрбан шалу рәсімдері ұйымдастырылып, халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіледі-дейді мамандар.

Ақниет Мейірбек