Шардаралықтар өнер майталмандарына құрмет көрсетті

фото ШАӘБҚ

 


Биыл Түркістан облысына қарасты Шардара ауданы 60 жылдық мерейтойын атап өтуде. Атаулы датаға орай облыста өңірдің жетістіктері мен мәдени мұрасын көрсететін ауқымды шаралар өтуде. Биыл Түркістан облысына қарасты Шардара ауданына 60 жыл толмақ. Осы мерейтой аясында ауқымды шаралар қолға алынуда.

Шағалалы Шардараның облыс экономикасына қосып жатқан қомақты үлесі мол. Айдын шалқар көлімен, тайдай тулаған балығымен аты шыққан шағалалы Шардараның мерейтойына орай Алматыдан арнайы келіп Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының өнер көрсетуі.

Мерейтойлық шаралар аясында аудан әкімінің арнайы шақырутымен театр ұжымы ерекше қойылыммен көрерменін қуантты. Театр қазақтың белгілі жазушысы Тынымбай Нұрмағанбетовтың «Бес бойдаққа бір той» комедиясын қойды. Спектакль тамаша өтті және көрермендерге ұмытылмас эмоциялар сыйлады, сонымен қатар облыстың мәдени өміріндегі жарқын оқиға болды.

Шардара өңірі тек мәдениетімен ғана емес, өңір экономикасына қосқан қомақты үлесімен де танымал. Табиғат байлығы, оның ішінде атақты көл мен алуан түрлі балықтар Қазақстанның бұл бұрышын экологиясы мен туристік тартымдылығы жағынан ерекше етеді. Жергілікті кәсіпорындар ауыл шаруашылығын белсенді дамытып, балық өсірумен де айналысады, бұл экономикалық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.

Ауданның мерейтойы тек түгендеу ғана емес, облыс ішіндегі мәдени-экономикалық байланысты одан әрі нығайтуға жақсы мүмкіндік болды. Шардара өңірінің көркеюіне ықпал ететін қызықты шаралар әлі алда. Мерейтой ауданның бай тарихын, мәдени мұрасын және өңірдің дамуына қосқан үлесін айшықтайтын бірқатар ауқымды шаралармен қатар өтуде. Мерекелік шаралардың ішінде аудан әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған театрландырылған қойылым ерекше орын алды.

Қойылымдағы басты рөлдерді Қазақстанның Халық әртісі Бекжан Тұрысов пен Шардара өңірінің тумасы – актриса Гүлшат Әбсаттарқызы Тұтова сомдады. Олардың шынайы сезімге толы жарқын өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, қошеметке ұласты. Көрермендердің жылы қабылдауы мен күлкіге толы көріністер нағыз мәдени тарту болды.

Екі бөлімді музыкалық комедияның көрерменге ой салар тұсы көп.

Бес бойдақ – Қырманбай шал және оның ұл — қыздары. Жер ортасынан ауғанда кемпірі дүние салған Қырманбайдың көңілі ұлдарының тұрмыс-тіршілігіне толмайды, сондықтан өз әулетінің ертеңіне алаңдаулы; ал ұлдары болса әкесін үйлендірмек болып әлек. Қазақ халқының рухани құндылықтары, салт-дәстүр мен әдет ғұрпы көрініс тапқан қойылым қазақ халқының бүкіл болмысын паш етеді. Бүгінгі күн мәселесін ұлттық дүниетаным тұрғысынан қарастыратын әзілге толы қойылымда әсем ән мен қазақы қалжыңдар жалпы атмосфераны жандандыра түсті. Шардаралық көрермендер атақты театрдың қойлымын жылы қабылдады.

Шара барысында Шардара ауданы әкімінің орынбасары Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы актриса Гүлшат Әбсаттарқызына аудан әкімі Арман Романұлы Қарсыбаевтың атынан Алғыс хат табыстап, 60 жылдық мерейтойға арналған естелік төсбелгімен марапаттады. Бүкіл қазақтың мақтанышына айналған жерлестеріне осылайша құрмет, қошемет көрсетті. Сонымен қатар, театр директорының орынбасары Серік Мұқанұлы мен актер Бекжан Тұрысовқа қазақы дәстүрмен шапан жапты.

Аудандық мерейтой – мерекелік шара ғана емес, өткен жолға мақтанышпен қарап, қол жеткізген жетістіктерге баға беріп, алдағы жоспарларды белгілеуге де себеп. Алда тың жобалар, мәдени бастамалар мен Түркістан өңірінің нұрлы түкпірінің бірі ретінде Шардара өңірін одан әрі дамыту жолындағы игі қадамдар күтіп тұр.