Шымкент қаласында қызметтік иттердің көмегімен 64 қылмыс ашылды

фото ШПД
Қызметтік иттер — тек адал серік қана емес, сонымен қатар қылмыстарды ашу, жоғалған адамдарды іздеу және тыйым салынған заттарды анықтау сияқты маңызды міндеттерді атқаратын нағыз көмекшілер.
Полицияның қызметтік-іздестіру иттері ұзақ уақыт бойы қылмысқа қарсы күресте сенімді және таптырмас көмекші ретінде танымал. Төртаяқты полицейлер ең қиын жағдайларда да тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қатаң жаттығулардан өтеді. Олардың иістерді ажырата білу, жасырын есірткіні немесе қаруды анықтау және іздерді табу қабілеті көбінесе қылмысты ашуда шешуші рөл атқарады. Бұл төртаяқты серіктестер дәлелдер табуға, қылмыскерлерді ұстауға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.
– Жыл басынан бері қызметтік иттердің арқасында 64 қылмысты ашуға мүмкіндік туды. Олардың ішінде 15 ұрлық, 2 тонау және 15 есірткі қылмысы бар. Төртаяқты полицейлер 442 жедел шараларға қатысып, құқық қорғау органдарының жұмысында өздерінің таптырмастығын дәлелдеді, – деп атап өтті полицейлер. Бұл нәтижелер қызметтік иттердің қоғамдағы тәртіп пен тыныштықты сақтау үшін көмегі өте маңызды адал серіктес болып қала беретіндігінің айқын дәлелі.