Тәртіп сақшылары «Қауіпсіз жол» іс-шарасы аясында жол қозғалысы қағидаларын бұзу жайттарын анықтауға және олардың жолын кесуге бағытталған жұмысты жалғастыруда.
Қалалық ПД-нің жедел басқару орталығымен бірқатар жол қозғалысы ережелерін бұзған автокөлік жүргізушісі анықталды.
Ер адам жол белгілерінің талаптарын елемей, авариялық жағдай туғызды. Сонымен қатар, маневр жасау ережелерін бұзып, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп және қарсы қозғалыс жолағына шыққан.
Құқық бұзушы ұсталып, ӘҚБтК-нің сегіз бабы бойынша жауапқа тартылды. Ол бұрын соңды жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды.
Заңсыз қайта жабдықталған көлік құралы айыптұраққа тоғытылды.
Полиция жол жүру ережелерін қатаң сақтау жол-көлік оқиғаларының алдын алатынын еске салады.