Шымкентте «Шоколадпен қапталған құлпынай» алаяқтық ісі сотқа жолданды

Көрнекі сурет: YouTube/Кулинарные практики

Шымкент қаласында «Tik Tok» әлеуметтік желісінде «Шоколадпен қапталған құлпынайлардың» суреттерін жариялап, қаланың бірнеше тұрғынын алдаған күдіктілер ұсталды.

Олар «Tik Tok» желісінде парақша ашып, басқа интернет желісінде құлпынай сататын парақшалардан кез-келген бейне жазбаларды жүктеп, тапсырыс қабылдаймыз деп жалған жарнама жариялап, жәбірленушілердің ақшаларын иемденген.

Күдіктілердің іс-әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 3) тармағымен сараланып, іс сотқа жолданды.

Құрметті қала тұрғындары! Әлеуметтік желілердегі күдікті жарнамалар мен күдік туғызатын арзан ұсыныстарға сенбеңіздер. Интернет арқылы тауарға тапсырыс берген кезде, әсіресе алдын ала төлем жасау қажет болса, өте сақ болыңыз. Тауарды қолға алғаннан кейін төлем жасаңыз немесе ресми дүкендерден сатып алуға тырысыңыздар.