Шымкенттегі мамандандырылған ХҚКО жабылып, жаңа автодром іске қосылды

фото МХҚКО

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы 196 орам, 381/1 мекенжайында орналасқан №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жабылғаны туралы хабарлайды.

Айта кетейік, қаладағы қалған үш мамандандырылған ХҚКО өз жұмысын жалғастырады. Бұл ретте, 1 маусымнан бастап олардың екеуі кезекші кестеге сәйкес мына мекенжайлар бойынша қызметалушыларды қабылдайды: Достық мөлтек ауданында, 2343/1. Асар-2 мөлтек ауданында, 12Б.

Сонымен қатар, жабылған №2 мамандандырылған ХҚКО-дағы барлық мұрағаттық құжаттар мен сақтау үшін тапсырылған мемлекеттік нөмірлік белгілер Достық м.а. 2343/1 мекенжайындағы мамандандырылған ХҚКО-ға тапсырылады.

«Орталықты жабу туралы шешім жүргізілген талдау нәтижесінде, ресурстарды орынды пайдалану және оңтайландыру мақсатында қабылданды. Бұл ретте, қала тұрғындары үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігіне әсер етпейді. Қажетті барлық қызметтер үш мамандандырылған орталықта көрсетілетін болады. Атап айтқанда, теориялық және практикалық емтихандарды Достық м.а. 2343/1 мекенжай бойынша және Асар-2 м.а. 12Б мекенжайында тапсыруға болады. Мұнда жаңа автодром жұмыс істейді», – деп атап өтті Шымкент қаласы бойынша филиал директоры Айнұр Тобаева.

Еске салайық, кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін өтініштерді қабылдайды, ал дайын құжаттар беру сағат 20:00-ге дейін жүзеге асады. Сенбі күні сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Кызылжар м.а., Жеделібайсын көшесі, 92 мекенжайында орналасқан №3 мамандандырылған ХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін әдеттегі режимде жұмысын жалғастырады. Сенбі, жексенбі – демалыс.