Түркістанда М.Байғұттың 80 жылдығына арналған симпозиум өтті

фото ТОӨКҚ
Түркістан қаласында «Фараб» ғылыми-әмбебап кітапханасында классик жазушы, қазақтың көрнекті қаламгері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мархабат Байғұттың 80 жылдығына арналған «Мақамы бөлек Мархабат Байғұт» атты халықаралық симпозиумы өтті.
Шара аясында «Мархабат Байғұт-80 жаста» атты фотокөрме, жазушы шығармашылығына арналған театр қойылымы, қаламгер туралы деректі фильм көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ, шара соңында жастар арасындағы республикалық шығармашылық байқауы мен «Мархабат оқулары» облыстық байқауының жүлдегерлері марапатталды.
Басқосуға белгілі қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері, халықаралық деңгейдегі қонақтар мен елімізге танымал ақын-жазушылар қатысты. Жазушының 80 жылдығына арналған симпозиум 16-17 мамыр күндері Созақ және Түлкібас аудандарында жалғасатын болады.