Жаңа №7 автобус маршруты іске қосылды

фото ШӨКҚ
Бүгіннен бастап Шымкентте жаңа №7 автобус маршруты бағытқа шықты.
Аталған маршрут Текесу шағынауданынан «Ордабасы алаңына» дейінгі аралықта жолаушыларды тасымалдайтын болады.
Әзірге маршрут 4 кестемен 29 минуттык аралық жиілігімен қызмет көрсетеді. Сонымен бірге қажеттілікке қарай автобустар санын арттыру жоспрлану үстінде.
Бұл жұмыстар қоғамдық көліктер қызметінің аясын кеңейту мақсатында жүзеге асырылып отыр.
Айта кетейік, бұл маршрут 2 ай бойы пилоттық режимде жұмыс істейді.