Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында шет ел азаматы М.Х.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. М.Х. ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен (көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу арқылы абайсызда адам өліміне әкеп соғуы) айыпталған.
М.Х., 2025 жылғы 8 ақпанында Шымкент қаласы, Асар шағын ауданында «Жол жүрісі қағидаларының» өрескел бұзып, тоқтап тұрған автокөлікті орнынан алдыға қарай қозғалып, автокөліктің алдыңғы сол жақ бөлігімен жасөспірім жаяу жүргінші А.-ны қағып, соңғының абайсызда өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасын жасаған.
Сотталушының кінәсі өзінің, жәбірленушінің жауаптарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, оқиға орнын және көлікті қарап-тексеру хаттамаларымен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді.
Прокурор сотталушы М.Х.-ға 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Жәбірленушінің өкілі бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушы кінәсін толық мойындап, істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіріп, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.
Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін толық мойындап, істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіргенін және қылмыспен келтірілген шығынның өтелгененін ескерді. Іс бойынша оның жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар жоқ деп тапты.
Сот, М.Х.-ны ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.