Жетісайда әкесі мен ұлы заңсыз «көкнәр» есірткісін өсіргені анықталды

фото egemen.kz

Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен полиция Департаменті ағымдағы жылдың сәуір айында есірткі заттардың заңсыз айналымының бірнеше деректерін анықтады.

Атап айтқанда, Түлкібас ауданының «Алматы-Шымкент» тас жолында жедел іздестіру шараларының нәтижесімен 12 мыңнан астам «Трамадол» есірткі препаратымен екі азамат ұсталды.

Күдіктілерге қатысты ҚК  297-б. 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сонымен қатар, Кентау қаласында синтетикалық есірткіні заңсыз жарнамалайтын граффити бояумен айналысқан күдікті ұсталды.

Аталған факті бойынша ҚК 299-1-б. 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұдан бөлек, жедел-іздестіру іс-шараларымен Жетісай ауданында әкесі мен ұлы заңсыз «көкнәр» есірткісін өсіріп жүргені анықталды. Күдіктілердің тұрғын үйілерін тінту барысында 1 882 түб «Көкнәр» есірткі заты мен тіркелмеген «Макаров» маркалы тапаншалары және пневатикалық тапаншалар табылды.

Бұл факті бойынша ҚК 300-бабының 2-бөлігімен тергеп-тексеру басталды.