ЖИТС орталығы мен ҮЕҰ – өзара табысты ынтымақтастық

фото Ашық дереккөз

Жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісінде Дүниежүзінде ЖИТС-тен құрбан болғандарды еске алу күні. Іс-шара ЖИТС-тің таралуын тоқтату, қоғамды АИТВ және ЖИТС-ті жұқтырған адамдардың проблемаларына назарларын аударту және АИТВ және ЖИТС-тің алдын-алу жұмыстарын күшейту жолымен өткізіледі.

АИТВ індетінің алдын алу бойынша ЮНЭЙДС 95-95-95 стратегиясын іске асырудың негізгі бағыттарының бірі тестілеуді кеңейту, әсіресе оған халықтың негізгі топтары өкілдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады, бұл ретте ЖИТС орталығы мен ҮЕҰ арасындағы табысты ұзақ мерзімді ынтымақтастық маңызды рөл атқарады.

Шымкент қаласының ЖИТС орталығында 2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда АИТВ – мен өмір сүретін адамдар арасында профилактикалық жұмыстар күшейтілді, әртүрлі іс-шаралар жүргізілді, Қала бойынша АИТВ-мен өмір сүретіндердің статистикалық мәліметтері талданды, АИТВ-ға тестілеуді және жанасуға дейінгі профилактиканың (ЖДП) қамтуын арттыру үшін негізгі мақсаттар анықталды, әлеуметтік желілер мен семинарларды пайдалана отырып, ақпараттық науқан өткізілді, 2023 жылдан бастап АИТВ, AРT және ЖДП бойынша шақырылған кеңесшілермен тренингтер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Бұл өз кезегінде негізгі популяциялар арасында АИТВ-ға тестілеуді, анықтауды және ЖДП-ға қатысуды арттыруға әкелді.

Қала тұрғындарының 10 жыл ішінде 682 565-тен 1 222 066-ға дейін өсуі және аумағының 3-тен 5-ке дейін ұлғаюы, сондай-ақ медициналық ұйымдар жанындағы Сенім пункттерінің жабылуы жағдайында да халықтың негізгі топтарымен профилактикалық жұмыстар жалғасуда. ЖИТС орталығында 2 сенім пункті (оның ішінде 1 стационарлық және 1 жылжымалы) және ҮЕҰ-да 1 сенім пункті жұмыс істейді.

Қалада денсаулық сақтау басқармасының ықпалымен 5 «Жастар денсаулық сақтау орталықтары» ұйымдастырылды. Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен кесте бекітіліп, жаңа мөлтекаудандардағы адамдар арасында АИТВ-ны алдын алу үшін Жастар денсаулық сақтау орталықтарында ЖИТС орталығының мамандары қабылдау жүргізіп жатыр. Достастық кабинетінің жұмыс кестесі оңтайландырылды. Клиентті қабылдау кестесіндегі оңтайлы қабылдау сағаттары анықталды. ҮЕҰ клиенттері үшін бөлек күндер мен сағаттар бөлінді. Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының ұсынымдарына сәйкес Достастық кабинетінің жылжымалы жұмыс кестесі сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін белгіленді. Жыл сайын ХНТ арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүзеге асырылады. Осындай жұмыстардың нәтижесінде 2024 жылы АИТВ-инфекциясының жаңадан анықталған жағдайлары 2023 жылмен салыстырғанда артты. Анықталған жағдайлар жедел түрде тіркеліп, АРВ терапиясы тағайындалады.

ЖИТС орталығының бас дәрігері Б.Сырбек:

— «ЖИТС орталығы мен ҮЕҰ арасындағы ынтымақтастық қызмет көрсету сапасын жақсартады, АИТВ-ға тестілеуді кеңінен қамтуға ықпал етеді. АИТВ-ға тестiлеудi кеңейту және бiрлескен ақпараттық науқандар хабардарлықты арттырады. 95-95-95 мақсаттарына қол жеткізу үшін біз ҮЕҰ-мен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ниеттіміз», — деді.

Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» 2025 жылы ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу, АИТВ туралы халықтың білімдерін арттыруға бағытталған ақпараттық-танымдық іс-шараларды ұйымдастырып, белсенді қатысуда.