1 шілдеден бастап Шымкентте кезекші ХҚКО — лардың мекенжайлары өзгереді

фото ХҚКО

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы тұрғындарды 1 шілдеден бастап кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгеретіні туралы хабарлайды. Бұл ретте кезекші мамандандырылған ХҚКО- лардың мекенжайлары өзгеріссіз қалады.

1 шілдеден бастап кезекші кесте бойынша Мәделі Қожа көшесі, 1 «Г» және Рысқұлов көшесі, 80 мекенжайларында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейтін болады. Олар азаматтарды жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбіде 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.

Ал Жас талап шағын ауданы, 168/1 және Бәйтерекова көшесі, 89 мекенжайындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары 1 шілдеден бастап қалыпты жұмыс кестесіне көшеді. Яғни қызметтер тек жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін көрсетіледі.
Назар аударыңыз! Кезекші МХҚКО — лардың мекенжайлары өзгермейді. Кезекші кестеге сәйкес жұмысын жалғастырып жатқан МХҚКО-лардың мекенжайы: Достық ш.а, 2343/1 және Асар-2 ш.а, 12 б. Олар жұмыс күндері өтініштерді 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды, ал дайын құжаттар 20:00-ге дейін беріледі. Сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Айта кетейік, әдеттегі ХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.