«Ағын су тапшылығы болу қауіпі жоғары»

фото Отырар.кз

Түркістан облысында ағын су тапшы, диқандарға су кезекпен беріліп жатыр. Бұл көктемгі жауын-шашынның аз болуымен тығыз байланысты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Түркістан өңірлік коммуникация қызметінде өткен аймақтағы су тапшылығы туралы өткен брифингте хабарлады.

Түркістан облсы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың мәлімдеуінше, биыл облыста 890 мың гектар жерге ауылшаруашылығы дәнді-дақылы егілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17 мың гектар жерге артық. Дәл осы 890 мың гектар егіндіктің 552 мың гектары суармалы жер.

Нұрбол Тұрашбеков, Түркістан облысы әкімінің орынбасары: «Ағымдағы жылы ауа-райының жауын-шашынсыз, құрғақшылық болуына байланысты ағын су тапшылығының орын алу қаупі жоғары болып тұр. Жалпы облысқа жылдық қажеттілік 4.8 миллиард болатын болса, Сырдария өзені 2,2 млрд. м3, Арыс өзені 1,6 млрд. м3, Келес өзені 990,5 млн. м3, Қаратау бөктері 51,1 млн. М3 осы орайда шаруаларға ағын суды тиімді реттеп беру ауылшаруашылығы дақылдарының жойылуына жол бермеу мақсатында су беру кестесі түзіліп, аудандармен жұмыстар жүргізілді».

Тұрашбеков ағын суды беру кестесі шаруалармен келісіп жасалғанын жеткізді. Ол ағын судың тапшылығы байқалғанын айтады. Мысалы, сыйымдылығы 370,0 млн.м3 Бөген су қоймасында қазір 162,2 млн.м3 су бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 115,2 млн.м3-қа аз.

Нұрбол Тұрашбеков, Түркістан облысы әкімінің орынбасары: «Қазіргі таңда 20-сынан 1 шілдеге дейін Сайрам ауданына су беруді тоқтаттық. Оның орнына судың бәрін Отырар ауданы шаруаларына беріп жатырмыз. 1 шілдеден 10 шілдеге дейін Ордабасы ауданы мен Түлкібас ауданын тоқтатып Сауран ауданына берілетін болады. Мұның бәрін кезекшілікке қойп жатқан жаңа айтып өттім Бөген су қоймасында көктемгі жауын-шашынның аз болуына баланысты қазіргі таңда өткен жылмен салыстырғанда төмен болуына байланысты болып отыр».

Ресми мәліметке қарағанда, облыста 25 су қоймасы бар. 1 су реттегіш, ұзындығы 4265 шақырымға жететін 269 канал бар. Аталған каналдардың 76 пайызы тозған.

Дилара Иса