Қала прокуратурасының ұйымдастырумен ашық есік күні өтті. Онда тұрғындар жылдап шеше алмай жүген мәселесін айта келіпті. Соның бірі әлеуметтік желі арқылы үй сатып алып, ақыр соңында баспанасыз қалған Шыңғысхан Бұралқиев. Азамат мәселесі қалай шешілді?
Шыңғысхан Бұралқиев әлеуметтік желідегі жарнамалар арқылы 2024 жылдың аяғында 2 бөлмелі үй сатып алған. Алайда қуанышы көпке созылмапты. Сөзінше заңды түрде рәсімделген пәтерін көп ұзамастан құрылыс компаниясы қайтаруды сұраған. Тіпті кейін жергілікті фирма азаматтық сотқа арызданып, баспанасын тартып алған көрінеді.
Шыңғысхан Бұралқиев, арызданушы: «Назерке деген қыз фирманың үйін алып, әпшесінің атына аударып қояды. Келісімшарт жасау арқылы. Жеке тұлғаға өткен үйді мен барып әлеуметтік желі арқылы қарап, 17 млн-ға сатып аламын. 1 апта өткен соң «Дала констаркшн» үйді заңсыз сатқанын айтады. Азаматтық сотпен үйді тартып алды. Менің мәселем үйді қайтарып алу, немесе ақшаны қайтару».
Мәселелі тұрғынүй Бозарық шағынауданында орналасқан. Баспанасынан да, қолындағы қаражатынан да айырылған 3 баланың әкесі қалалық прокуратура ұйымдастырған ашық есік күнін естіп, арнайы келіпті. Оның проблемасына бей-жай қарамаған қадағалаушы орган өкілдері істі бақылауға алатынын жеткізді.
Шынар Қаршығақызы, Шымкент қалалық прокуратураның аппарат басшысы: «Қылмыстық істің бүгін қаулысын бұзып, телефонын бердік хабарласуға. Күн сайын тергеушілермен хабарласып, нұсқау беріледі. Бақылауымызға аламыз. Біз Шыңғыспен 10 күнде кездесеміз деп келістік».
Ашық есік күні «Тәртіп батырлары күні» қарсаңында өтіп жатыр. Мамандар сөзінше шараға 100-ге тарта тұрғын келіп жүгінген. Ал басқа да мәселелер бойынша азаматтар күн сайын жеке қабылдауға жазыла алады.
Әсел Мәлік