Баласы жасына толмай жұмысқа шыққан аналар 10 жұмыс күн ішінде “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне хабарлауы керек. Ол арыз жазғаннан кейінгі келесі айдың бірінен бастап төлем тоқтылады. Сондықтан, жұмысбасты аналарға даурығудың қажеті жоқ дейді мамандар. Яғни, сіз өтініш қалдырмасаңыз, сіздің табысыңызды заңсыз тексермейді.
«Дұрыс емес, Халық өзі сол ақшаны әрең жеткізіп жүргенде. Өздері миллиондап айлық алады. Білінбейді. Қарапайым халықта ондай айлық жоқ. Тіпті демалыс жоқ».
«Сол декретте отырғанда жетіскеннен жұмысқа шығамыз ба?»
«Жетпегеннен, жетіспегеннен шығады жұмысқа. Үкімет қалай ойланады екен. Баланың ақшасын ұстауға қақысы жоқ».
Осындай сын-пікірлер әлеуметтік желіні қаптады. Бұл декреттегі аналардың жан айқайы. Соңғы кездері баласы жасына толмай жұмысқа шыққан аналар, бір жарым жасқа дейінгі әлеуметтік төлемді қайтаруға міндеттеледі деген әңгіме желдей ескен болатын. Осыған байланысты, қоғамның пікірі сан-саққа бөлінді. Бірі балаға мемлекет қазынасынан ақша төленсе, ананың үйде отырғаны дұрыс дейді. Ал, енді бірі балаға бөлінген ақшаны, жұмысқа шықсада, шықпаса да төлегені дұрыс деп отыр.
«Үкімет балаға пұл төлеп жатқан соң, жұмысқа түсуге қарсымын. Баланы күту керек. Өйткені, баланы күтіп бағу керек. Бұл менің ойым. Ал бірақ, жұмысқа шығып кетсе, тоқтатқанына қарсымын. Үкімет берді ма, алып отыру керек».
«Егер жұмысқа шығып кетсе, заң жүзінде дұрыс. Жұмысқа шығасың, жәрдемақы тоқтайды. Төлем тоқтатыңдар деп айтпас едім, бірақ жұмысқа шықтым деп айтар едім. Сен жұмыс істеп жатсың ғой. Қазір 1 жас қана еді. Қазір 1 жас 6 айға дейін төлеп жатыр. Мамалар рахаттансын».
Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері, кез-келген ана мемлекет алдындағы жауапкершілікті сезініп, өз еркімен жұмысқа шыққанын хабарлау керек деп отыр. Сонда ғана, кірісінен айырылған жағдайдағы төлем төлеуді тоқтатамыз дейді. Ал, бекерден бекер, оны табысына қатысты ақпарат іздеп, қудалау заңда жазылмаған деп отыр. Сондықьан, жұмысбасты аналарға даурығудың қажет жоқ.
Досбол Тілләбеков, Қалалық «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының басшысы: «Заңға бәріміз бағынамыз ғой. Заңда ондай норма жазылмаған. Барып, әлеуметтік төлемді ала отырып, барып, оны тексеріп, артық ақшаны қайтарып ал деген жазылмаған. Заңда жазылғаны, егер, әлеуметтік төлем алушы, өзінің жауапкершілігін біле отырып, өтініш жазса, сол күннен барып тоқтатамыз. Ал барып, тексеріп, паралельно әлеуметтік төлем мен қоса, табыс көзін тауып отырса, оны біз қудаламаймыз. Біз заңның шеңберінен шығып кете алмаймыз1.
Мамандардың айтуынша, соңғы екі жылда жұмысқа шыққанын ешқандай ана хабарламаған. Сондықтан, оларды тексеру қажет болмады дейді.
Айта кетейік, 2025 жылдың бірінші тоқсандағы есеп бойынша 36 мыңнан астам ана 1 жарым жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты төлем алады. Оларға мемлекет қазынасынан 8 млрд 365 млн теңге қаржы төленді.
Нұргүл Жолымбетова