Бекет Тұрғараев: «Қоғамда сыбайлас жемқорлық тиылмай отыр»

Қоғамда мәдениетті қалыптастыру арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қажет. Осыған орай, республика көлемінде Антикор төрағасы, мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ, бірқатар жауапты мамандардың қатысуымен Әділ қоғам жобасының таныстырылымы өтті. Жиынға қатысушылардың пайымдауынша, сыбайлас жемқорлықпен тек қана заң жүзінде емес, рухани және мәдени деңгейде де күресу қажет. 

Мәдениет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді құралы. Осылай деген жауаптылар республикалық жиында бас қосты. Олар, мәдениетті сыбайлас жемқорлықпен күресте маңызды құрал ретінде қарастыру қажет деп есептейді. Айтуларынша, халықтың сана-сезімін ояту, әділдік пен адалдық құндылықтарын насихаттау мәдениет арқылы әлдеқайда тиімді жүзеге асады. Тіпті, әдеби құндылықтарымызды пайдалана отырып, бармақ басты, көз қыстыға жол бермеуге болады дейді.

Анар Жаппарқұлова, «Әділ қоғам» жобасының Шымкент қаласы бойынша жетекшісі: «Жобаның негізгі мақсаты — біздің халық ауыз әдебиетіндегі жауһарларымызды, хандық дәуір әдебиетіндегі жауһарларымызды пайдалана отырып, кешегі Бұхар жыраудың, Абайдың, қазіргі заманғы қаламгерлердің жазып жатқан дүниелерін, әдеби мұраларын осы әділ қоғамды қалыптастыру мақсатында пайдаланғалы отырмыз. Бұл қоғамды құратын мәдениет өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері болып табылады. Осы жобанының негізін қоғамға таныстыратын. Негізігі мақсат, сыбайлас жемқоролыққа қарсы мәденеиетті қалыптастыру».

Ал, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымының докторы Бекет Тұрғараев болса, қоғамды дендеген сыбайластықты жою үшін күш салуға тура келеді дейді. Яғни, күресті қоғамнан емес, адам өзінен бастау керек. Себебі мәдени сана қалыптасқан ортада парақорлыққа орын жоқ. Демек, адалдық, әділдік, жауапкершілік сынды қасиеттер бала кезден қалыптасуы керек. Бұл ретте отбасы тәрбиесімен қатар, білім беру ұйымдары мен мәдениет мекемелерінің де атқаратын рөлі зор екен.

Бекет Тұрғараев,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымының докторы: «Біз сыбайлас жеимқорлыққа қарсы күресте әлемде бірінші болып заң қабылдадық. Содан бері, 30 жылдан астам уақыт өтті. Осындай жиындар, үгіт-насихаттар жүргізіліп жатыр. Одан кенде қалмадық. Бірақ сыбайлас жемқорлық деген тыйылмай отыр. Неге? Қоғамда советтік кеңестік дәуірден қалған, адамзатқа пайда келтірмейтін, адамдардың арасында тәртіпті, мәдениетті, ұқыптылықты мемлекетке шынайы берілгендікті сақтамайтын қасиеттер қалыптасып, осы күнге дейін ілесіп келе жатыр. Сол қалдықтардың әсері деп ойлаймын».

Әділ қоғам жобасы бабалар дәстүрінің жалғасы дейді жиынға қатысушылар. Яғни, рухани бай, адамгершілік құндылықтарды бойына сіңірген тұлға әділетсіздікке, парақорлыққа жол бермейді.

Нұргүл Жолымбетова