Шымкентте жыл басынан бері 2615 қылмыс тіркелсе, оның ішінде жастармен жасалған қылмыс саны 80-ді құраған. Бұл көрсеткіш былтырғы статитистикамен салыстырғанда едеуір аз. Десе де, жауаптылар құқықтық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүйелі жұмыстар атқаруда. Мәселен, қала белсенділерінің басын қосып, үйлестіру кеңесі өтті.
Мұхаметәли Баубеков, бүгін полицияның қоғамдық көмекшісі деген арнайы куәлікке ие болды. Ол бұған дейін қоғамдағы тыныштықты күзетуге ат салысып, учаскелік инспекторлармен бірге бірнеше қылмыстың бетін ашуға септігін тигізген. Мәселен, есірткі қылмыстарының алдын-алуға барын салған. Бұл біздің міндетіміз дейді зейнеткер. Оның айтуынша, әрбір тұрғын, жастарға бағыт- бағдар беріп, отанды құрметтеуге тәрбиелесе, қылмыс аты өшеді дейді.
Мұхаметәли Баубеков, Қала тұрғыны: «Енді біздің міндетіміз, болашаққа жол ашу. Үлгі болу, соларға бағыт-бағдар беру. Қазір дін саласында басқа да салада мектептер ашып жатырмыз. Не үшін? Болашақ үшін, тынышытқ үшін, еліміз үшін. Карб деген нәрселер шығып жатыр. Синтетикалық есірткі заттар сатып жатыр. Соларға шығып жатырмыз. Зерттеп осының алдын алу».
«Қауіпсіздік — тек құқық қорғау органдарының жұмысы емес. Бұл – бүкіл қоғамға ортақ жауапкершілік. Мемлекет пен азаматтар бір уақытта әрекет еткенде ғана, тәртіп нығайып, қоғамда сенім артады», — дейді Шымкент қаласының Прокуроры, Ғабит Мұқанов. Сондықтан, құзырлы орган өкілдері түрлі шараларды қолға алған. Мәселен, жастар арасында қылмыстың алдын алу бойынша арнайы конкурстар ұйымдастырып, жастарды марапаттады.
Қоғамдағы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу аясында және зорлық-зомбылыққа қарсы тұру бойынша «Заң үйірмесі», «Киберпол», «Кибер-Шериф» сынды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Тіпті, жастар көзімен, қылмыспен күресу жобасы жүзеге асырылуда.
Шынар Қаршығақызы, Қалалық Прокуратурасының аппарат басшысы: «Шымкент қаласының тұрғындары, бізде есірткі қылмыстарын ұстауға ат салысты. Еріктілер көмектесті. Біздің жас балаларымыз көмектесті. Сол азамттарды құрметтедік. Оның алдында заң үйірмесі жобасы аясында конкурс жариялаған едік. Студенттер мен оқушылардың арасында болды. Студенттер 38, ал оқушылар 98 видеоролик жолдаған. Бәрін қарадық».
Айта кетейік, 2024 жылдың бес айында 2700 қылмыс тіркелсе, оның ішінде 112 қылмыс жасөспірімдердің қатысуымен орын алған. Ал, биыл жыл басынан бері, 2615 факті тіркеліп, 80 қылмысты кәмелетке толмағандар жасаған. Оның ішінде 19 іс өзіне-өзі қол салу фактісі.
Нұргүл Жолымбетова