Түркістан облысында «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында құқық қорғау органдары қызметкерлері биік шыңға көтерілді. Шараға Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы мен оқу жаттығу взводының қызметкерлері қатысты.
Қарт Қаратау бөктерінде әскери дайындық өткізген полицейлер, одан әрі шың басына Мемлекеттік ту мен ҚР ІІМ-нің арнайы жалауын алып шықты. Бұл ел ішінде заңның үстемдігін бейнелейтін символға айналғандай.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Заң мен тәртіп» – әділетті мемлекеттің негізі екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Осы бағытта облыс полицейлері ауқымды шаралар атқарып, ел қауіпсіздігін күзетіп, тәртіпті қадағалауда.