Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, Шардара аудандық білім бөлімі қызметкерлері мен аудан мектептеріндегі есепшілердің ісі бойынша сот тергеуін аяқтап, жарыссөзге жетті. Іс бойынша 15 адам айыпталушы деп танылған. Жарыссөзде прокурор оларды 8 жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.
Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шардара аудандық білім бөлімі мен аудан мектептерінде есепшілердің ісі бойынша жарыссөз өтіп жатыр. Іс бойынша 15 айыпталушының үшеуі Қылмыстық кодекстің «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бабымен айыпталған.
Қалғанына дәл осы баппен қоса «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» бабымен қосымша айып тағылған. Прокурор соттан айыпталушыларға мынадай жаза сұрады.
1. АҚШАГҮЛ БЕРДІӘЛИЕВАНЫ – 13 ЖЫЛҒА
2. БАЯН БЕКТАСОВАНЫ – 11 ЖЫЛҒА
3. БАЯН БАРАТОВАНЫ – 10 ЖЫЛҒА
4. АНАРБЕК НҰРБЕКОВТІ – 10 ЖЫЛҒА
5. ҚАЙРАТ ИСАЕВТЫ – 11 ЖЫЛҒА
6. ЖАДЫРА МАХАШЕВАНЫ – 10 ЖЫЛҒА
7. СЕРІК МҰХТАРОВТЫ – 10 ЖЫЛҒА
8. НҰРДӘУЛЕТ ТҰРМАНОВТЫ – 8 ЖЫЛҒА
9. ЕРЛАН БҰХАРБАЕВТЫ – 10 ЖЫЛҒА10. АЙЖАН АРАНЖАНОВАНЫ – 10 ЖЫЛҒА
11. САМАТ ӘБІЛДАЕВТІ – 11 ЖЫЛҒА
12. АҚЖІБЕК ЖАНТӨРЕЕВАНЫ – 8 ЖЫЛҒА 13. АНАФИЯ ҚАДЫРБЕКОВАНЫ — 8 ЖЫЛҒА
14. ДАРИХА НҰСҚАБАЕВАНЫ – 8 ЖЫЛҒА бас бостандығынан айыру.
Прокурор соттан бір айыпталушының қайтыс болуына байланысты, оған қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуды сұрады.
“12:00 Майбасарова Жұмагүл Сұлтановананы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабымен кінәлі деп танып, негізінен жазаны оның қайтыс болуына байланысты қылмыстық жауаптан босатуды 262-бабымен кінәлі деп танып… тоқтатуды сұранды»
Прокурор айыпталушылар сот залынан қамауға алынып, жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемелерінде өтеуін, мүлкі тәркіленуін де сұрады. Айта кетейік, сот істі 2024 жылдың желтоқсан айынан бері қарап жатыр. Қылмыстық іс 730 томнан асқан. Жалпы Түркістан облысындағы 8 ауданда білім бөлімінің қызметкерлері бюджеттің шамамен 12 миллиард теңге қаржы жымқырған деген күдікке ілінген.
Дилара Иса