Сарыағаш ауданының тұрғыны Гүлдана Ақбердиева өз ісін бастау үшін 2024 жылы мемлекеттен қайтарымсыз грант алған. Қазіргі таңда жас кәсіпкер бөдене шаруашылығын дамытып, экологиялық таза өнім өндіруде.
Үй жағдайында кәсібін дөңгелетіп отырған көпбалалы ана алғашқы қаражатқа 1000 бас бөдене мен қажетті құрал-жабдықтарды сатып алған. Жас кәсіпкер айына 2500-3000 дана бөдене жұмыртқасын және 200-250 келі құс етін алып отыр.
Кәсіпкерлік саласы, оның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Осы мақсатта мемлекет тарапынан қолдау да көп. Жеке кәсіптің жемісін көргісі келетін азаматтар қатары күн санап артып келеді.