Қала әкімі кесте бойынша тұрғындармен кездесуді жалғастыруда

фото Отырар.кз

Қала әкімі кесте бойынша тұрғындармен кездесуді жалғастыруда. Дегенмен бұл жолғы кездесу алдыңғыдан өзгерек болды. Өйткені, мәселе айтқан тұрғындардан бата беруге асыққан ақсақалдар көп болды. Десе де, шаһар басшысы тұрғындардың көкейтесті проблемаларын тыңдап, жауаптыларға бір-бірлеп жүктеп отырды. Олардың ішінде кезек күттірмейтін инфрақұрылым, білім, денсаулық сақтау салалары бойынша өзекті мәселелер де бар. 

Шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков кезекті кездесуге келді. Бұл жолы Еңбекші ауданы тұрғындарымен жүздесіп, олардың күнделікті тұрмыс тіршілілігіне қатысты түйткілді мәселелерін талқыға салмақ. Тұрғындарды алаңдатқан қандай мәселе? Бірге білейік.

«Газ бар. Барлық үйде, бірақ қысымы жыл сайын түсіп бара жатыр. Исфиджаб тұрғын алабы, Еңбекші ауданының аяқ жағы, газдың басталған жері Бадам жақтан келген болса, жыл сайын тұрғындар қосылады».

«Жекеменшікке өткен жерлерде проблема бар. Шетінен қосып жатырмыз. Мен түсінемін. Проблема бар. Қолдан келсе, ертең істеп беретін едім. Эспертизадан өтіпті, жұмыс басталады. Тек қаржы мәселесін шешу керек. Газді мәселесі млндар емес, млрдарға кетіп қалады».

«Исфиджаб ауылында бәрінде су істелген. Біздікі қалып кеткен. Тектұрмаста қалған. Басында Расул деген депутат істеп берген. Сосын қалып кетті. 4-5 млндай ақша кетеді екен».

«Жақсы сәл күте тұрыңыздар. Нақты жауап жоқ. Ара-арасында қалып кеткен».

Мұнан соң әкім, ат басын Азат тұрғын алабына бұрды. Бұл жерде халықты толғандырған мәселе, балалардың болашағы екен. Олар жасөспірімдер үшін, мектеп, спорттық кешен ашып беруді сұрады. Әкім де, бірден халықтың үніне құлақ асып, қарастыруға уәде берді.

«70 -80 соттық жеріміз бар. Сол жерге спорт кешенін өтініш қылмақшы едік. Бокс, волейбол, күрес, гимнастика, теннис, кітапханасымен өтініш қылмақшы едік. Ал мектеп болса, 1,5 гектар жер бар. Сол жерге деп жатыр. Халыққа да ыңғайлы. Осы жерден 5 км».

«Халықпен ақылдасу керек. Оқушылардың санына қарап, қосымша түсетін 300 орындықты сол жақа түсірсе. Ал спорт кешенін қарастырамыз».

«Тұрып жатқанымызға 20 жыл болып қалды. Жарықты өзіміз тартып алғанбыз. Светтеріміз салбырап тұр. Көшемізге өзіміз тас төсеп алғанбыз. Балшық болып балаларымыз жүре алмайды жаңбыр жауғанда».

«Биыл асфальт салып береміз».

Кездесу барысында қала басшысы мен аудан әкіміне оң бағасын бергенде де табылды. Ал, қариялар ақ батасын беріп, бір-бірінен өте түсті. Сонымен қатар, Ғабит Сыздықбеков Еңбекші ауданына қарасты Орманшы тұрғын алабында болып, көпшілікті толғандырған сұрақтарына жауап беріп, мәселелерін бір -бірлеп шешіп беретінін жеткізді.

Нұргүл Жолымбетова