Қазығұрт: Бастауыш сынып мұғалімдері тәжірибе алмасты

фото ҚАӘБҚ

Білім сапасын көтеру еліміздегі ең үлкен мақсаттардың бірі. Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі. Баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіруде мұғалімнің рөлі зор. Біліктілікті арттыру арқылы білім сапасын көтеруге болады. Осы бағытта өңірімізде жұмыстар күшейтілуде.

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты «Қызылдала» жалпы білім беретін мектебінде «Бастауыштағы оқытуда инновациялық технологияларды тиімді пайдалану жолдары» тақырыбындағы аудандық семинар өтті.

Аталмыш жиын бастауыш сыныптағы оқу үдерісінде инновациялық технологияларды тиімді қолдану арқылы білім сапасын арттыру, оқушылардың қызығушылығымен белсенділігін дамыту, мұғалімдердің әдістемелік шеберлігін жетілдіруді көздейді.
Мектеп директоры Ануар Алиакбарұлы семинардың өтілу барысын қысқаша баяндай келе ашық сабақ өтетін мұғалімдерге және келген қонақтарға сәттілік тіледі.
Семинар бағдарламасы бойынша мұғалімдер бірнеше тақырып аясында ашық сабақ өтті. Атап айтсақ,

1- сынып жетекшісі: Амрекулова Гүлжан Сейдаханқызы математика пәнінен «Есептер шығару» тақырыбында,
2а- сынып жетекшісі: Саутова Балнұр Алдабергеновна қазақ тілі пәнінен «Дара және күрделі сын есім» тақырыбында,
2ә- сынып жетекшісі: Оңал Жансая Қайратқызы әдебиеттік оқу пәнінен «Туған жерге саяхат» тақырыбында,
3- сынып жетекшісі: Бүркітбаева Күлшат Сағынтайқызы дүниетану пәнінен «Табиғи ортада қандай қауіп — қатерлер бар» тақырыбында. Сонымен қатар
4а – сынып жетекшісі: Кушерова Жазира Пирназаровна «Мінсіз мұғалім, мінсіз ата -ана, мінсіз оқушы» тақырыбында,
4ә – сынып жетекшісі: Сазекова Назира Меирхановна және математика пән мұғалімі Октябрь Қуаныш Ердаулетұлы «Инновациялық әдіс-тәсілдер сапалы білім берудің бастауы» тақырыбында шебер сыныптар ұйымдастырды.

Сабақты шебер өткен ұстаздар өздерінің білімдері мен әдіс-тәсілдерімен бөлісті.