ХХІ ғасыр – ақпараттық технологияның және ғылымның дамыған заманы. Заман кез келген адамнан әмбебеп болуды талап етеді. Оның ішінде мұғалімдер де заман ағымымен бірге өзгеруі керек.
Мұғалім заман ағымына ілесуі керек: өз жұмысында инновацияларды, әр түрлі әдістерді қолданып, материалды еркін меңгеруі керек. Негативті мектепке кірерде табалдырықта қалдырып, балаларға мейірімділік пен жылулық сыйлауы тиіс. Болашақ осы мұғалімдерге тікелей байланысты.
Қазіргі мұғалім қандай? Ол – шығармашылық қабілеттерді дамытуға жағдай жасай алатын, оқушылардың білімді қабылдауға деген құштарлығын дамыта алатын, өз бетінше ойлауға үйрететін, материалды оқыту барысында өз бетінше сұрақтар құрастыра алатын, өз білімін толығырақ іске асыра алатын адам. Сонымен қатар пәндерді оқуға деген ынтасын арттырып, олардың жеке бейімділігі мен талантын көтермелейтін тұлға. Қазіргі мұғалім үнемі шығармашылық ізденіс үстінде жүреді, олар «Мектеп оқушыларына не үйрету керек?» деген өзекті проблемалық сұраққа жауап іздеуде. Қазіргі заманауи мұғалім кәсібіне және оқушыларға деген сүйіспеншілікті біріктіреді, олар балаларды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, сонымен бірге өз оқушыларынан да үйрене алатынын маман иелері.
Бүгінгі таңда мұғалім білім көзі ғана емес, сонымен қатар оқу-тәрбие процесінің белсенді қатысушысы болуы керек. Мұғалімнің міндеті – әр баланы оқу процесіне қатыстырып, оны тыңдай білу, көмекшісіне айналдыру, оқушының көзімен оны мазалайтын мәселеге үңілу. Әдісті жақсы меңгерген мұғалім ғана педагогикалық әрекетті дұрыс ұйымдастыра алады, сабаққа дайындалады. Демек, бүгінде педагог үнемі өз білімін жетілдіріп, біліктілігін де арттырып отыруы керек.
Осы ретте Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданындағы «Аққұм» жалпы білім беретін мектеп КММ базасында білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Шерованың ұйымдастыруымен оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Заманауи білім беру кеңістігінде құзыретті педагог моделі» тақырыбында семинар өтті.
Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Шерованың айтуынша, семинардың мақсаты заманауи білім талаптарына сай құзыретті педагогтың кәсіби моделін қалыптастыру және педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.