Құрбан айт күні Шымкенттегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі

фото МХҚКОБҚ

Құрбан айт мерекесіне орай халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО-лар 6 маусым, жұма күні жұмыс істемейді.

Бұл ретте 7 маусым, сенбі күні кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Ал МХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін, ал құжаттарды беру – 13:00-ге дейін жүргізіледі.

Кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лардың актуалды тізімі: МХҚКО-лар -Достық шағынауданы, 2343/1 және Асар-2 шағынауданы, 12Б. ХҚКО-лардың мекенжайы: Жас Талап ш.а, 168/1 және Байтереков көшесі, 89