Шымкентте тағы бір үшем перзентханадан шықты. Бұл – 24 жастағы Феруза Рахимованың тұңғыш перзенттері. Сәбилер жүктіліктің 31 аптасында өмірге келіп, дәрігерлердің қарауында болған. Қазір анасымен бірге Мустафа, Муса, Хадияның да денсаулығы жақсы. Оларды дәрігерлер перзентханадан салтанатпен үйіне шығарып салды.
Бұл – Шымкент қаласының тұрғыны 24 жастағы Феруза Рахимова. Жүктіліктің 31 аптасында туылған тұңғыш перзенттері үшемін қайта-қайта бауырына басып, иіскеп қызықтап жүр. Балаларының атын сыртта сабырсыздана күтіп жүрген әкесі Мустафа, Муса, Хадия деп атаған. Феруза перзентханаға 20 сәуірде түскен. Енді міне, 64 күнді артқа тастап, үшемімен үйіне шығып жатыр.
Феруза Рахимова, үшемнің анасы: «Үшем екенін бірінші УЗИ-ден-ақ көргенмін. Алғаш естігенде өте қатты таңқалдым, әрине. Күтпедім. Бірақ артынан қуандым, өте қатты қуандым. Жолдасым, үйдегілер, жақындарым естігенде өте қатты қуаныш болды. Енді бұл Алланың бізге берген сыйы. Алғаш қолға алған сезім түсініксіз ерекше сезім деп айтар едім. Өйткені алғаш ана атанғаннан кейін, өзіңнің тұңғышыңды қолыңа ұстағаннан кейінгі сезімді айтып жеткізе алмайсың».
Үшем мерзімінен бұрын туылған. Дәрігерлердің айтуынша, ана мен баланың амандығы үшін ота жасалған. Ота сәтті шыққан.
Гүлнар Жұмаділләева, бөлім меңгерушісі, акушер-гинеколог: «Бірінші жүктілік, 31 апта. Үшемдер қағанақ суының ерте серзімінен ерте кетуі бойынша келіп түскен. Бізде потология бөлімшесінде бақылауда болды. Кешкі ауысымда кезекшілік барысында әйелдің толғағы басталып, босану кезеңінің бірінші кезеңі болуына, үшемдер және бірінші ұрықтың аяқпен келуіне байланысты ана мен баланың амандығы үшін желед түрде отаға алынды. Отамыз сәтті аяқталды».
Үшемдердің салмағы әртүрлі. Біріншісі — 1 келі 450 гарам, екіншісі — 1 келі 350 гармм және үшіншісі — 1 келі 410 грамм. Туылғаннан балалар жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлердің бақылауында болып, қажетті күтім жасалған. Екі ай ішінде ана сүтімен және қосымша тамақпен қоректеніп, салмақ қосқан.
Гүлжан Хангелдиева, дәрігер: «Алғашқы күндері нәрестелер жансақтау бөлімшесінде болды. ИВЛ апаратында, жағдайлары өте ауыр еді. Жағдайы тұрақтандырылғаннан кейін жоғарғы тәуелді нәрестелер бөлімінде, одан кейін нәрестелер потологиясы бөлімшесіне ауыстырылып, тексеру, емдеу, күтіп-баптау толығымен жүргізілді. Қазіргі таңда сәбілер мен анасының жағдайы өте жақсы қанағаттанарлық жағдайда. Үйге шығарылып жатыр».
«Қуанышымда шек жоқ. Роддомның қызметкерлеріне, дәрігерлеріне алғысымды білдіремін».
Осылайша үшем Мустафа, Муса, Хадия мен анасын дәрігерлер перзентханадан салтанатпен шығарып салды. Ал туыстары мен жақындары шашу шашып, оларды құшақ жайып қарсы алды. Айта кетейік, Мустафа, Муса, Хадия биылғы жылы Шымкентте туылған үшінші үшем. Жалпы жыл басынан бері қалада 12 648 сәби дүниеге келген болса, олардың ішінде 149 егіз бар.
Дилара Иса