Бүгін, Астанада 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні дүние есігін ашқан сәбилердің ата-аналарына сыйлықтар табысталды. Іс-шара №3 Перинаталдық орталықта өтті. Мерекелік шараға министрлік өкілдері және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Светлана Айтбаева арнайы қатысты.
Мереке күні өмірге келген сәбилер мен олардың аналарына ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева атынан құттықтау хаттары мен сыйлықтар табысталды.
Светлана Айтпаева әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің арнайы қолтаңбасы бар сыйлықтарды да тарту етті. Жас аналарға жылы лебіздерін жеткізіп, сәбилерге ұзақ ғұмыр тіледі.
Іс-шараның негізгі мақсаты рәміздер күнінің маңызын ұғындыра отырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпаққа рухани тәрбие беру, отбасылық құндылықтар мен жаңа өмірдің бастауын елдік мүддемен байланыстыру болды.