Бүгін Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ерікті түрде орталық ауруханаға барып, қан тапсырды. Аталған іс-шараға ауданның бас полицейінен бастап, алдын ала қажетті медициналық тексерістерден өткен қызметкерлер қатысты.
Қан тапсыру арқылы полицейлер, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, жол апатынан зардап шеккендерге жәрдем етіп, қатерлі дертпен күресіп жатқандарға үміт сыйлады.
Аудандық орталық аурухана қызметкерлері: “Қан бірінші кезекте күрделі онкологиялық аурулармен ауыратын балаларға, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендердерге қажет. Донор өз қанын бере отырып, ауыр жағдайда қалған адамдарға көмектесе алады. Сондықтан тәртіп сақшыларына алғыс айтамыз!”-деп атап өтті.