Шардара: «Аттандық бала шақтан-болашаққа!» атты аудандық тіл байқауы өтті

фото ШАӘБҚ

Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының даму құралы. Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан –ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі.

Шардара жұрты атадан қалған аманатқа қиянат жасамай, тілімізді дәріптеп, деңгейін көтеруден жалыққан емес. Осы бағытта түрлі іс шаралар өткізіліп тұрады.
Түркістан облысына қарасты Шардара ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен бүлдіршіндер арасында «Аттандық бала шақтан-болашаққа!» аудандық байқауы өтті.

Балалардың қазақ тілінде сөйлеу деңгейін көтеру, олардың ой – өрісін, танымдық қабілеттері мен белсенділіктерін арттыруға, өнерін көрсету, сахна мәдениетін қалыптастыруға бағытталған байқауға ауданнан 29 бүлдіршін қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Әділқазылардың шешімімен оқ бойы озық топты жарып шыққан №8 «Балапан» б/б тәрбиеленушісі Избенбек Әдия бас жүлдені иемденді.
І орынды №2 «Қарлығаш»б/б Садық Айзере, «Алтын білім» б/б Мырзабай Бағым, «Балбөбек»б/б Шорабек Камила, «Кәусар» б/б Нағысхан Балғын, «Әсел» б/б Серікбай Томирис, «Нұркөркем» б/б Аманбек Алдияр иеленді. ІІ орынды «Айлин»б/б Тұрғынбай Раяна,»Ұлжан ана»б/б Абдуәлі Ердәуіт

«Арайлым» б/б Черепков Максим өз қанжығасына байлады. Ал, «Балауса»б/б Шагазина Айкенай, «Таңшолпан»б/б Асанқызы Айназым, «Жауқазын»б/б Тілләбек Альбина, «Асыл-Бұлан»б/б Жолбарыс Айару, «Динара»б/б Кенган Томирис, «Бүлдіршін»б/б Абсабыр Айлин ІІІ орынды алды.
«Жамиля ана» б/б Батыр Адина,»Айзере» Пайызхан Балайым «Марлен»б/б Таңат Айлин, арнайы дипломдармен марапатталса, қалған бүлдіршіндер алғыс хатжәне сыйлықтармен марапатталды.
Байқау соңында тіл орталығының атынан мереке қарсаңында қатысушы бүлдіршіндерге, залдағы барша көрермен балаларға шоколадттар таратылды. Алдағы уақытта осы бағыттағы іс шараларды көптеп өткізу көзделіп отыр.